Қоршаған ортаны қорғау «KAP Logistics» ЖШС қызметінің және басқару тәсілінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компания қоршаған ортаға, денсаулыққа, халықтың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасына әсері туралы жауапкершілікті толық сезінеді және өндірістік қызмет орындарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық әсерін азайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
«KAP Logistics» ЖШС 2018 жылдан бастап экологиялық және әлеуметтік салалардағы жоспарларды іске асыру бойынша іс-қимылдардың жол картасын (ESAP Жол картасы) іске асыруда. ESAP Жол картасы денсаулықты, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік саланы басқару жүйесін халықаралық экологиялық талаптар мен озық салалық практикамен (GIIP: Good International Industry Practice) сәйкестендіруге көмектеседі.
«KAP Logistics» ЖШС барлық өндірістік учаскелерінде қоршаған орта менеджменті жүйесі ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Қоршаған ортаны қорғау міндеттемелерін орындау шеңберінде «KAP Logistics» ЖШС қоршаған ортаны қорғаудың кешенді жолдарын қамтитын интеграцияланған жүйесін енгізді.
«KAP Logistics» ЖШС-нің өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған менеджмент жүйесі ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 талаптарына сай болып табылады. ИМЖ мәселелерін басқарудың негізгі тәсілдері мен қағидалары «KAP Logistics» ЖШС еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Саясатында көрініс тапқан
Разрешение на эмиссии Шиели-Сункар (2 категория) 2022г.
Разрешение на эмиссии ЦАПБ (2 категория) 2023г.
Разрешение на спец водопользование KZ58VTE00133978 ЦАПБ
Протокол общественных слушаний ф. Шиели-Сункар
Протокол Общественных слушаний ф. ЦАПБ
План мероприятий по ООС 2022-2031 гг. Шиели-Сункар