Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік

Еңбекті қорғау саласының басты міндеті – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен денсаулығын қорғау. Компания әлемдік озық тәжірибелерге сай болуға ұмтылады, ұлттық және халықаралық талаптарды бұлжытпай сақтауға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін (ӨҚБЖ) ұдайы жақсартуға ұмтылады.

Компанияда денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі ISO 45001 стандарты талаптарына сай енгізілген.

         ЕҚ және ӨҚ саласындағы негізгі құжат «KAP Logistics» ЖШС еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы Саясаты болып табылады. Саясат Компания басшылығының өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттемелері мен мақсаттарын айқындайды. Сондай-ақ, Компания қызметкерлерінің басшылыққа алатын құжаты - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы Кодексі болып табылады. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ олардың орындалуы нәтижелері туралы барлық іс-шаралар өндірістік қауіпсіздік (HSE) бойынша өтетін ай сайынғы кеңестерде үнемі қаралады.     

         Жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі - әлемдегі кез-келген көлік бизнесінің негізгі құраушысы. Қауіпті жүктерді тасымалдау жіті қадағалауды талап етеді. Өйткені осындай тасымалдауды ұйымдастыруда жол берілген біліксіздік пен немқұрайдылық айтарлықтай адами және материалдық шығындар, тіпті кейбір жағдайларда орны толмас экологиялық және биологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.

         Тасымалдау процесі технологиясының барлық буындарын үздіксіз жетілдірумен қатар, «KAP Logistics» ЖШС басшылығы мен автомобиль көлігі мамандарының басты назарда ұстайтын мәселесі - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  қауіпті жүктер ұшырап қалуы ықтимал апаттардың алдын алу.

Қауіпті жүктер мен  персоналды тасымалдаған кезде автокөлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылы «KAP Logistics» ЖШС инциденттер туралы хабардар ететін «ОМНИКОМ» ақпараттандыру жүйесі енгізілді.  Ол GPS - трекерлер арқылы жылдамдық режимін тәулік бойы есепке алу және бақылауды жүргізеді және сол арқылы төмендегі сипаттамалар бойынша көлік құралдарын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді:

- жылдамдық;

- қауіпсіз және үнемді жүргізу;

- борттық желінің кернеуі;

- бейнемониторинг;

- орналасқан жері;

- отынның деңгейі;

- жүргізушінің / оталдыру кілтінің жағдайы;

- шұғыл құлақтандыру.

Сонымен қатар, ҚЖ тасымалдайтын барлық АКҚ шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру үшін орнатылған «Дабыл түймесі» құрылғыларымен жабдықталған. Оны жүргізуші жол көлік оқиғасы болған уақытта ТЖ органдарын, жедел жәрдем және жергілікті ішкі істер органдарын хабардар ету үшін пайдаланылады.  

Сондай-ақ, Компания өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға үлкен мән береді. Компания қызметкерлерінің арасында денсаулықты сақтау және кәсіби аурулар туындау тәуекелін төмендету мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттайды және профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізеді. Денсаулық сақтау құралдарының бірі медициналық сақтандыру болып табылады, жұмыскерлердің ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуі, сондай-ақ сауықтыру бағдарламалары мен санаторлық-курорттық емдеулер әлеуметтік пакетке енгізілген. Сонымен қатар, Компания мен кәсіподақ ұйымы арасындағы Ұжымдық шарттың орындалуы аясында жұмыскерлерге санаторлық-курорттық, сауықтыру және емдеу бойынша қосымша бағдарламалар ұсынылады.

Компанияның барлық қызметкерлері орындалатын жұмыстардың сипатына қарай, «Қазатомпром»ҰАК» АҚ еңбек қауіпсіздігі Стандартына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтылған.

«KAP Logistics» ЖШС-нің басымдығы -  адам, оның өмірі мен денсаулығы болып табылады.

Осы мақсатта Компания біздің қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға жіті көңіл бөледі және осы бағытта айтарлықтай ресурстар (материалдық, қаржылық және адами) бөледі. Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстың сенімділігі  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс барысында  қауіп-қатер инциденттерін  азайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.

cert_45001_KZ

STOP-карта

Приказ Об утверждении Плана мероприятий по снижению уровня травматизма (002) (1)

Приказ198-ОД от 30.09.2022г  Приказ Об утверждении и введении в действие Системы управления производственной безопасностью (СУПБ)