«KAP Logistics» ЖШС қызметкерлері материалдық көмек, кепілдендірілген еңбек демалысынан басқа, ерікті медициналық көмек, мерейтойларға, баланың дүниеге келуіне, некеге тұруға және өмірлік қиын жағдайға байланысты біржолғы материалдық төлемдерді қамтитын әлеуметтік пакеттермен қамтылған.
«KAP Logistics» ЖШС жұмысшылардың құқықтарын қорғауға кепілдік беретін ұжымдық шартқа қол қойды.
Компанияда тиімді ынталандыру жүйесі әзірленіп, персоналдың барынша дамуы үшін жағдай жасалған.
«KAP Logistics» ЖШС кең ауқымды оқу бағдарламалары, курстар, тренингтер мен семинарлар арқылы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мүмкіндігін ұсынады.