Серіктестіктің негізгі қызметі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы үшін жүктерді тасымалдау және қайта өңдеу. Жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы, тұтастай алғанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін өте маңызды, себебі ол материалдық ағындарды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, шығындарды қысқартады, жеткізуді жеделдетеді, бәсекеге қабілеттілікті сақтауға мүмкіндік береді, нарықтағы өзгерістерге бейімделуге және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Серіктестіктің стратегиялық мақсаты - ресурстарды орнықты даму қағидаттарын ескере отырып ұтымды пайдалану арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіне кіретін кәсіпорындардың материалдық-техникалық (химиялық реагенттер) және көліктік-экспедициялық қызмет көрсету саласындағы тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Осы мақсатты іске асыру үшін Серіктестік алдында мынадай басымдықтар мен міндеттер қойылған:
- Өндіру қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорындарды қажетті материалдық ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету;
- Уран өндіру саласы кәсіпорындарына көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Көлік инфрақұрылымының сенімділігі мен тиімділігін арттыру;
- Жедел басқарудың тиімділігін арттыру;
- Қызмет тиімділігін арттырудың қосымша көзі ретінде орнықты даму саясатын қолдау.