Адам ресурстарын басқару

Қызметкерлер өндірістік үдерістерде басты рөлді атқарады және «Kap Logistics» ЖШС табысқа жетелейтін негізгі драйвер болып табылады. Компания қолайлы еңбек жағдайын жасауға, барлық қызметкерлерді мансабын өсіруге мүмкіндікпен қамтамасыз етуге және Компания ішінде өзара ашық қарым-қатынасты ұстануға тырысады.

Еңбек жағдайларын үнемі жақсарту, әлеуметтік қолдау, мансаптық өсу және кәсіби даму мүмкіндігі, әрбір қызметкердің мүдделері мен қажеттіліктеріне назар аудару Компанияның басқару жүйесін, атап айтқанда кадрлық және әлеуметтік саясатты қалыптастыруда ең жоғары басымдыққа ие.

 «KAP Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2028 жылға дейінгі кадр саясаты компаниядағы адам ресурстарын басқару функциясын дамытудың негізгі тәсілдерін, қағидаттарын, талаптары мен бағыттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.

«KAP Logistics» ЖШС Ұжымдық шартына сәйкес, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылады.