Қалдықтарды басқару – «KAP Logistics» ЖШС-нің ең маңызды экологиялық аспектілерінің бірі. Осы процесті сапалы бақылау үшін Компания қалдықтарды басқару жүйесін дамытады және қалдықтардың түзілуі мен қозғалысын есепке алуды үнемі жақсартады және қалдықтарды қайта пайдалану әлеуетін ұлғайтып отырады.
«KAP Logistics» ЖШС филиалдары аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтары осы мақсат үшін арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерде уақытша сақталады. Пайда болған қауіпті өндірістік қалдықтар мамандандырылған қайта өңдеу және жою кәсіпорындарына жіберіледі. Қауіпті қалдықтардың бүкіл тізбесіне паспорттар әзірленген. Паспортта қалдық туралы негізгі ақпарат көрсетілген: атауы, қауіпті қасиеттер тізбесі, құрамы, улылығы және қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.