Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару жүйесі - Қадағалаушы кеңесі, «KAP Logistics» ЖШС Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жұмыскерлері, әрқайсысы өз деңгейлері бойынша Серіктестіктің қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ тәуекелдің қолайлы деңгейі шеңберінде оқиғаларды басқаруға қатысатын бірыңғай процеске біріктірілген өзара байланысты элементтер жиынтығы. Тәуекелдерді басқару жүйесіндегі негізгі құжаттар Тіркелім, тәуекелдер Картасы және тәуекел-тәбеті болып табылады.
Тәуекелдер тіркелімі - «KAP Logistics» ЖШС қызметінде кездесуі мүмкін тәуекелдер тізбесі. Өз кезегінде, тәуекелдер тізіліміндегі Тәуекелдер тізбесі стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық және инвестициялық тәуекелдерге жіктеледі.
Тәуекелдер картасы - «KAP Logistics» ЖШС тәуекелдеріне әсер ету шамасына және іске асыру ықтималдығына байланысты графикалық түрде көрсетіледі.
Тәуекел-тәбет - «KAP Logistics» ЖШС мақсаттарына қол жеткізу процесінде өзі үшін қолайлы деп есептейтін тәуекел дәрежесі.
Тәуекелдерді басқару қағидалары мен тәсілдері
«KAP Logistics» ЖШС тәуекелдерді басқарудың мынадай негізгі қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды:
- Тұтастық – ТБЖ-нің бөлінісінде «KAP Logistics» ЖШС пен филиалдарының жиынтық тәуекел элементтерін қарау;
- – ТБЖ-не автономдап немесе даралап қарастыруға тыйым салу;
- – тәуекелдерді басқару үшін нақты құрылымға ие кешенді жүйесі;
- – тәуекелдерді объективті басқару, сенімді және өзекті ақпаратпен қатар жүру;
- – тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде жүзеге асырылады;
- – тәуекелдерді басқару процесінде циклды негізде компоненттерінің қайталанатындығын білдіреді;