2023 жылы Байқаушы кеңестің 23 отырысы өткізілді, онда «KAP Logistics» ЖШС қызметінің әртүрлі аспектілеріне қатысты 100 мәселе қаралды, оның ішінде:
2024 жылға арналған жоспарлы құжаттарды, 2024-2028 жылға арналған Бизнес-жоспарды бекіту;
2024 жылға арналған тәуекел-тәбетті бекіту;
басшы қызметкерлер, корпоративтік хатшының қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) картасын бекіту;
«KAP Logistics» ЖШС әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсарту жөніндегі 2023 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту;
«KAP Logistics» ЖШС Менеджмент пулы сабақтастығының 2024 жылға арналған жоспарын бекіту;
ішкі құжаттарды, оның ішінде «KAP Logistics» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету саясатын, Аудиторлық ұйымдар қызметтерін тарту саласындағы саясатты, Тәуекелдерді басқару саясатын, Әдеп және комплаенс кодексін, Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ережені, «KAP Logistics» ЖШС-нде банктерге лимиттер белгілеу» ережесін, «KAP Logistics» ЖШС-нде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторингілеу» әдістемесін бекіту;
«KAP Logistics» ЖШС Атқарушы органының Байқаушы кеңес алдындағы қызметтің негізгі нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептерін қарау;
«KAP Logistics» ЖШС тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептерін қарау;
2018-2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру туралы 2022 жылғы Есепті мақұлдау;
Қатысушылардың жалпы жиналысының 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарын мақұлдау;
Байқаушы кеңесінің 2024 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту.