Байқаушы кеңестің отырысы

Байқаушы кеңестің отырысы Байқаушы кеңес Төрағасының, Байқаушы кеңес мүшесінің, Қатысушының немесе Атқарушы органның бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Байқаушы кеңес мүшелеріне отырыс өткізу туралы хабарлама жіберу тәртібін Байқаушы кеңес айқындайды.

Байқаушы кеңес отырысында осы отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Байқаушы кеңес мүшелеріне отырысты өткізу туралы хабарлама жіберілгеннен кейін отырыстың күн тәртібі өзгертуге жатпайды, келесі жағдайларды есептемегенде:

мәселені күн тәртібіне енгізудің инициаторы шешім шығарылғанға дейін кез келген уақытта өз мәселесін күн тәртібінен алып тастай алады, бұл хаттамада міндетті түрде тіркеледі;

Байқаушы кеңестің кез келген отырысы барысында күн тәртібіне, егер оларды күн тәртібіне енгізу үшін Байқаушы кеңестің барлық қатысушы мүшелері дауыс берсе, қосымша мәселелер енгізілуі және қаралуы мүмкін.