2025 жылы Байқау кеңесінің 18 отырысы өткізілді, онда «КAP Logistics» ЖШС қызметінің әртүрлі аспектілеріне қатысты 67 мәселе қаралды, оның ішінде:
- 2026 жылға арналған бюджетті, 2026-2030 жылдарға арналған Бизнес-жоспарды бекіту;
- 2026 жылға арналған тәуекел-тәбетті бекіту;
- басшы қызметкерлердің, корпоративтік хатшының қызметінің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) картасын бекіту;
- «KАР Logistics» ЖШС-нің 2025-2034 жылдарға арналған Даму бағдарламасын бекіту;
- «KАР Logistics» ЖШС 2026 жылға арналған Менеджмент пул сабақтастығы жоспарын бекіту;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Тіркелімі мен Картасын, анықталған тәуекелдерді азайту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту;
- «КАР Logistics» ЖШС-нің комплаенс функциясы бойынша Мақсаттары мен Жұмыс жоспарын бекіту;
- «KАР Logistics» ЖШС Тарифтік саясатын жаңа редакцияда бекіту;
- «KАР Logistics» ЖШС Есеп саясатын жаңа редакцияда бекіту;
- «KAP Logistics» ЖШС Атқарушы органының Байқау кеңесі алдындағы қызметтің негізгі нәтижелері туралы тоқсан сайын ұсынатын Есептерін қарау;
- «KAP Logistics» ЖШС-нің тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептерін қарау;
- 2018-2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру туралы 2024 жылғы Есепті мақұлдау;
- мүлікті сатып алуға және иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
- Қатысушылардың жалпы жиналысының 2026 жылға арналған Жұмыс жоспарын мақұлдау;
- Байқау кеңесінің 2026 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы.