«KAP Logistics» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) негізгі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыру және орнықты даму қағидаттарын дәйекті интеграциялау арқылы орнықты дамуды қамтамасыз етуге және орнықты дамуды басқарудың корпоративтік тәжірибесін жетілдіруге күш салады.
Орта мерзімді перспективада әлеуметтік жауапты Серіктестік ретіндегі ұстанымды нығайту және әлеуметтік – экономикалық даму міндеттерін шешу мақсатында орнықты даму бағдарламасы әзірленді.
Серіктестіктің тұрақты дамуының негізгі бағыттары экономикалық тұрақтылық, адами капитал мен мәдениетті дамыту, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік, ғылыми-техникалық және инновациялық-технологиялық даму, тиімді корпоративтік басқару және тәуекел мәдениеті, жоғары этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жауапты сатып алу, жауапты іскерлік мінез-құлық – мүдделі тараптардың қатысуы, жергілікті қауымдастықтар және есеп беру. Серіктестік қызметкерлері серіктестіктің жоғары іскерлік нәтижелеріне қол жеткізудегі басты байлық және табыстың негізі болып табылады, сондай-ақ оның болашақта тұрақты дамуының кепілі.