Омбудсмен

·          өтініш білдірген қызметкерлерге консультация беру және оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге көмек беру;

·          «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету;

·          Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлердің, лауазымды адамдардың, мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері мен хаттарын қарау;

·          жанжалдарды (дауларды) реттеу бойынша дауға, жанжалға немесе проблемалық жағдайға қатысатын адамдар үшін ұсынымдар әзірлеу;

·          «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары мен лауазымды тұлғаларын корпоративтік әдеп саласында анықталған бұзушылықтар туралы хабардар ету;

·          Әдеп және комплаенс Кодексін және оны іске асыруға бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі құжаттарын әзірлеуге және қайта қарауға қатысу.

Еңбек құқықтарыңыздың бұзылуы, әлеуметтік сипаттағы, еңбек жағдайлары (тұрмыс, тамақтану) мәселелерін шешуге көмектесу, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының бұзылуы мәселелері бойынша Сіз Омбудсменге жүгінуге құқылысыз.

 

«KAP Logistics» ЖШС Омбудсмені: Байкулов Ерлан Садырұлы

E-mail:   baikulov_85atmail.ru

(барлық өтініштер құпия болып табылады)

 

«Самұрық-Қазына» жедел желісі

Сіз Әдеп кодексін бұзу жағдайлары туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық,теріс іс-әрекеттер, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз. Біз құпиялық пен анонимділікке кепілдік береміз. Хабарламалардың 100% өңделуін бақылаймыз.