СКК-Шиелі

«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалы 2007 жылдың 1 сәуірінде  негізделген және Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан.

2010 жылы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС құрылған.

Жолдар мен жол жағдайларының көлік-пайдалану жағдайын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін, уақтылы және жұмыс түрлерінің топтауышына сәйкес сапалы күту мен ағымдағы жөндеуді  ұйымдастыру үшін «Казатомөнеркәсіп жолдары» құрылған. Оның құрамына Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі («ЖПУ-Шиелі») және Оңтүстік Қазақстан облысы Таукент кентіндегі («ЖПУ-Таукент») жол-пайдалану учаскелері кірген.

«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Қатысушыларының кезектен тыс Жалпы жиынының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 3 хаттамамен «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.

 «Қазатомөнеркәсіп жолдары» филиалы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шилі» филиалындағы Жол-Пайдалану Учаскесі құрамына кірген:

Кәсіпорынның басты қызмет түрлеріне келесідей қызмет түрлері жатады:  

-жүктерді, жолаушыларды тасымалдау;

-жүк көтергіш механизмдермен қызмет көрсету;

-ЖҚМ жер қазу және өзге де жұмыстар бойынша;

-ТМҚ қабылдау, сақтау, тіркеу және жеткізу;

-темір жол қызметтерін көрсету;

-автомобиль жолдарын күту және ағымдағы жөндеу.

Бүгінгі таңда «СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалында жыл сайын заманауи құралдар және құрылғылармен, автотракторлы тракторлармен жаңартылып отыратын қуатты өндірістік база жұмыс істейді. Филиал меншігінде 216 автотракторлы техника бар, оның ішінде: күкірт қышқылын тасымалдауға арналған 40 дана автомобиль бар. Олар: 12 дана Renault маркалы автомобиль, 26 дана Shansy Sx5313gp3jyc және Tsq-5313qyy маркалы автомобиль, 2 дана Volvo FMX 460 маркалы автомобиль. Сондай-ақ, филиал балансында кірме жолдарда маневрлік жұмыстарға арналған ТЭМ-2У маркалы маневрлі тепловоз бен Mercedes-Benz Unimog U400 локомобилі бар.

Кәсіпорын 3 құрылымдық бөлімнен тұрады: Автошаруашылық, Тасымалдау базасы және Жол-пайдалану учаскесі.

Филиалдағы жұмыскерлердің саны 467 адамды құрайды. Басқару аппаратындағы жұмыскерлердің саны 24 адам. Кәсіпорында жұмыскерлер үшін әлеуметтік тұрмыстық, еңбек жағдайларын жасау, техника қауіпсіздігі мен өндірістің экологиялық жағдайын жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыскерлерді жұмыс орнына жеткізу және керісінше алып қайту қарастырылған, жуынатын орындар мен тұрмыстық кешендер жұмыс жасайды. Филиал жұмыскерлері спорттық және мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысады. Қауіпті өндірістегі жұмыскерлерге емдік-профилактикалық тамақтандыру қамтамасыз етілген. Барлық жұмыскерлер арнайы киім және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау, апаттық-құтқару бригадасы бар, апатты жою жоспарлары жасалған.

Автошаруашылықтың басты қызметі – жүктерді, жұмыскерлерді тасымалдау мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесіндегі кәсіпорындар үшін автоқызметтер көрсету.

Автошаруашылықтың атқаратын қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесіндегі кәсіпорындарға, көбінесе тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша ауыр жүк автокөлігімен ТМҚ жеткізуге арналған. Жұмыскерлерді жұмыс орнына және кері жеткізу, арнайы автокөлік және жол-көлік механизмдерімен жеткізу арқылы тапсырыс берушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету. Жүктерді тасымалдаудың орташа қашықтығы 94 шқ. Ай сайынғы жүк тасымалдау көлемі 45000 тн асады. Басты жүк тасымалдаулар Евро 3 және Евро 4 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес Рено автокөлігімен және КНР шығарған авокөліктерімен жеткізіледі. Жолаушыларды тасымалдау Евро 3 және Евро 4 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес Hyundai және Daewoo автобустарымен жеткізіледі. Тасымалданатын жүктердің ішіндегі бастылары болып табылады:

  • Құрғақ хим.реагенттер - 3%,
  • ЖЖМ және мазут – 1%
  • Күкірт қышқылы - 95%,
  • өзгелері – 1%

Тасымалдау базасының басты міндеті жүктерді тасымалдау, оларды уақытша сақтау және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесіндегі кәсіпорындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету. «СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының Тасымалдау базасы құрамына:

1. Сұйық химреагенттер қоймасы – тұтынушылар үшін күкірт қышқылын қабылдау, сақтау және жөнелтуге арналған. Оның құрамында:

- автоцистерналарға күкірт қышқылын құятын 5 пункт;

-т.ж.цистерналарынан күкірт қышқылын құйып алатын 5 пункт;

- әрбірі V = 600 м3 қышқылды сақтайтын 4 резервуар.

Күкірт қышқылын сақтаудың жалпы көлемі - 2400 м3 немесе 4392 тн.

- бір уақытта, 2,5 сағаттың ішінде 5 вагон – күкірт қышқылы бар цистерна түсіріледі.

Күкірт қышқылы қоймасының өңдеу мүмкіндігі 30-35 вагон, яғни тәулігіне 2000-2200 тонна.

Тасымалдау базасындағы қышқыл қоймасының өндірістік қуаттылығы:

- АХП 80-50-20 маркалы 30 кВт, өндірістік қуаттылығы сағатына 50 м3 2 сорғы;

- ПНВ-2 маркалы 11 кВт, өндірістік қуаттылығы сағатына 30 м3 2 сорғы;

- CRNE 45-2 маркалы 15 кВт, өндірістік қуаттылығы 45 м3 5 сорғы;

- ПНВ маркалы 7,5 кВт 4 апаттық сорғы.

- сұйық каустикті қабылдау және сақтау үшін рельс маңындағы қойма, онда:

-сұйық каустикті автоцистерналарға құятын 1 пункт;

-т.ж.цистерналарынан сұйық каустикті құйып алатын 1 пункт;

- әрбірі V = 46 м3 (200тн) сұйық каустикті сақтайтын 3 резервуар;

-өндірістік қуаттылығы сағатына 30 м3 ПНВ-2 11 кв. және АХ-80-50 15 кв. маркалы күйдіргіш натрийді қайта айдайтын 2 сорғы.

2. Қуаттылығы 1000 тонна құрғақ хим.реагенттер қоймасы – аммиак селитрасын қыбалдау, сақтау және жөнелтуге арналған. Түсіру-тиеу жұмыстары жүк көтергіштігі 10 тонналық тіректі кранмен жасалады.

3. Теміржол учаскесі – түсетін жүктерді қабылдау және жинау үшін арналған. Кірме жолдағы т.ж. жалпы ұзындығы 5972 м, жол «СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының меншігінде. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Шиелі станциясына қиысады. Жолдар «Басты қосу жолдары» және 6 т.ж. тұйығынан тұрады. Жолдар қанағаттанарлық жағдайда тұр. Маневрлік жұмыстарды атқару және кірме жолдардан вагондарды алу үшін арналған ТЭМ-2У № 9335 маневрлік тепловоз және Унимог 400 Мерседец-Бенц локомобилі бар. Филиалдың теміржол кірме жолы тәулігіне түрлі жүгі бар 60 вагонды қабылдай және бос 50 вагонды жөнелте алады. Кірме жолға ағымдағы жөндеу және күту жұмыстарын жүргізу үшін жол монтерлерінің бригадасы бар.

4) Тиеу-түсіру учаскесі, оның ішінде ЖЖМ мен ЖҚС:

- ТУХК, құрғақ химреагенттерді, құралдар мен құбыр өнімдері, және өзгелерді уақытша сақтау аумағы (10 тн жүк көтергіштігі бар мосылық кранмен жабдықталған);

- сыйымдылығы 1000 тонна, транзит жүктері үшін аркалы үлгідегі 2 қойма мен аммиак селитрасы үшін 1 ангар, көлемдері:

- 18 м х 60 = 1080 м2; (сыйымдылығы 1000 тонна аммиак селитрасы үшін)

- 30 м х 16 = 480 м2; (тауар-материалдық құндылықтар үшін)

- 30 м х 16 = 480 м2; (тауар-материалдық құндылықтар үшін)

- аумағы 6 м х 12 = 72 м2 оттек балондарының қоймасы;

- ЖЖМ мен ЖҚС қоймасы 30.12.1986 жылы құрылған, аумағы – 3,033 га;

- ЖҚС стационарлы жәнне СКК-Шиелі филиалының, ГРЭ-23 және өзге кәсіпорындарының көлік құралдарын толтыру үшін;

- ЖЖМ қоймасына мұнай өнімдері теміржол көлігімен жеткізіледі;

- әрбірі V=300м3 дизелді отынды сақтау үшін 4 дана резервуар бар;

- әрбірі V=300м3, АИ-80 бензинін сақтау үшін резервуарлар бар;

- әрбірі V=25 м3, 3 дана бензин тарату резервуары бар;

- әрбірі V=100м3, АИ-92 бензинін сақтау үшін 1 дана резервуар бар;

- т.ж.вагондарынан құйып алатын 2 пункт: бензинді құйып алу 1 пункті, дизельді отынды төгу үшін 1 пункт.

ЖЖМ мен ЖҚС қоймасына өрт сөндіру су қоймасы (1 дана - 250 м3, 1 дана -100 м3), 2 дана өрт сөндіру гидранттары орнатылған.

ЖҚС аумағы асфальтобетонмен қапталған, барлық талаптарға жауап беретін кірме жолдары бар.

Филиалдың стратегиялық маңызды объектілерінде - 30 дана бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде Автошаруашылықта - 14 дана, Тасымалдау базасында – 16 дана.

Бақылау-жіберу пункттерінде 3 дана бөгеттеуіш турникеттер орнатылған.

ЖЖМ қоймасының аумағы ұзындығы 757 метрлік темірбетон плиталарымен қоршалған.

2015 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

Өңделген жүк – 609 мың.054 тонна

оның ішінде күкірт қышқылы – 570 мың 934 тонна

Тасымалданған жүк – 609 мың 054 тонна

Жүк айналымы – 50 млн. 002 тн/шқ

Жол-пайдалану учаскесі (ЖПУ)

Жол-пайдалану учаскесінің басты міндеттері мен қызметі

Ұйымдар үшін жолдың көлік-пайдалану жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жұмыс түрлерінің классификациясына сәйкес уақытылы және сапалы күту, ағымдағы жөндеу мақсатында Шиелі кентінде Жол-пайдалану учаскесі (ЖПУ-Шиелі) құрылды. ЖПУ-Шиелінің қызметінде жалпы ұзындығы 281 шқ автомобиль жолы бар.

ЖПУ-Шиелінің басты міндеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесіндегі кәсіпорындарды қосатын автомобиль жолдарының көлік-пайдалану жағдайына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған автомобиль жолдарын жөндеу және күту болып табылады. 2013 жылдың желтоқсанынан бастап қысқы уақытта тау алаптарынан автокөлік қозғалысының үздіксіз қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Шиелі-Тайқоңыр» автожолының 55-ші шақырымында орналасқан жол-пайдалану учаскесінде ЖПУ-Шиелі жұмыскерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. «Тайқоңыр к.-ПВ-19» автожолының ПВ-19 кеніші аумағында 2015 жылы автомобиль жолдарының алыс аумақтарындағы мұздан таюға қарсы құм және тұз қалқаны салынды.

ЖПУ-Шиелі АКҚ мен ЖҚМ тізімі

  р/с

Автокөлік маркасы

Мем.нөмірі

Инвент.номірі

1.

Дөңгелекті тиегіш  ZL 50 G

ACD 884 N

1202008

2.

Жол катогы 142 J

ACD 883 N

1202007

3.

Жаяужол катогы 142 J

ACD 922 N

1202011

4.

Дөңгелекті автогрейдер GR 215

ACD 889 N

1202010

5.

Дөңгелекті автогрейдер GR 215

ACD 886 N

1202009

6.

Бульдозер Siantui SD 23

ACD 893 N

1203016

7.

МТЗ-82 "Беларусь"

ACD 556 N

1207136

8.

Камаз 65115-62 "КДМ"

N 405 CH

1204024

9.

Камаз Евро-2

619 АВ/11

1406593

10.

МАЗ тартқыш

N 995 CH

1208274

11.

Жартылай тіркеме ж/к 35 тонна

8332 NB

12.

Трал

87 АОА/11

1406595

13.

ГАЗ-33 Бензовоз

291 АВ/11

1405567

14.

УАЗ фермер

298 АВ/11

1405568

15.

Mitsubishi L 200

044 AA/11

1111144

16.

Toyota HILUX

N 979 CF

1205128

17.

Toyota Hi Ace

797 AB/11

1407596

19.

Иірлі қар күреуіш "УРАЛ"

977 AE/11

1501603