Орталықтандырылған автотасымалдау базасы
Орталықтандырылған автотасымалдау базасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесіндегі кәсіпорындарды автомобиль және темір жол көлігімен жүк тасымалын, жүктерді өңдеу, оларды уақытша сақтау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін көрсету үшін құрылған. Орталықтандырылған автотасымалдау базасы құрамына екі автошаруашылық, темір жол учаскесі, жол-пайдалану учаскесі және «Созақ» тасымалдау базасы кіреді.