Қадағалаушы кеңес

Байқаушы кеңес «KAP Logistics» ЖШС-нің (бұдан әрі - Серіктестік) атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асыратын  басқару органы болып табылады.

Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің құрамы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерінің қатарынан қалыптастырылған және тәжірибесі, жеке қасиеттері, сондай-ақ гендерлік құрамы жағынан алуан түрлі.

Серіктестіктің Байқаушы кеңесіне Серіктестікті басқару және Серіктестіктің Атқарушы органының қызметін бақылау үшін жеткілікті өкілеттіктер берілген.

Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің шешімдері Серіктестіктің Жарғысында, Серіктестікті Корпоративтік басқару кодексінде және Серіктестіктің Байқаушы кеңесі туралы ережеде айқындалған тәртіппен қабылданады.

Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің мүшелері өз қызметінде өз өкілеттіктері шегінде әрекет етеді; Серіктестіктің Байқаушы кеңесінің отырыстарына қатысу үшін жеткілікті уақыт бөледі; іскерлік этиканың жоғары стандарттарын ұстанады; мүдделер қақтығысына жол бермейді; тиісті парасаттылықпен, шеберлікпен және сақтықпен әрекет етеді.