Байқаушы кеңестің шешімі

2024 жылы Байқау кеңесінің 16 отырысы өткізілді, онда «KAP Logistics» ЖШС қызметінің әртүрлі аспектілеріне қатысты 88 мәселе қаралды, оның ішінде:

  • 2025 жылға арналған жоспарлы құжаттарды, 2025-2029 жылға арналған Бизнес-жоспарды бекіту;
  • 2025 жылға арналған тәуекел-тәбетті бекіту;
  • басшы қызметкерлер мен корпоративтік хатшының қызметтің негізгі көрсеткіштері картасын (ҚНК) бекіту;
  • «KАР Logistics» ЖШС 2025 жылға арналған Менеджмент пул сабақтастығы жоспарын бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Тіркелімі мен Картасын, анықталған тәуекелдерді азайту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
  • «KAP Logistics» ЖШС Атқарушы органының қызметтің негізгі нәтижелері туралы Байқау кеңесіне ұсынатын тоқсан сайынғы Есептерін қарау;
  • «KAP Logistics» ЖШС-нің тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептерін қарау;
  • 2018-2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру туралы 2023 жылғы Есепті мақұлдау;
  • мүлікті сатып алуға және иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
  • «KАР Logistics» ЖШС корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту;
  • Қатысушылардың жалпы жиналысының 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарын мақұлдау;
  • Байқау кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.