Жолдар өркениеттің ең маңызды өнертабыстарының бірі болып табылады. Тіпті бүгінгі таңда ғасырлар бұрын салынған магистральдар түрлі елдердің қазіргі заманғы көлік желісін аңықтайды. Әрқашан жол құрылысына ерекше көңіл бөлінеді – себебі бұл қымбат және күрделі жұмыс. Соңғы кездерге дейін осылай болып келді. Жоғары технологиялардың арқасында бүгінгі күні тіпті тас жолды санаулы күндер ішінде "төсеуге" болады.
Жол – бұл ұзақ уақыт салынып жатқан инженерлік құрылыс, әсіресе, егер ол жоғары сапа деңгейіне жетсе деген пікір бар. Бұл көзқарас негізінен дұрыс.
Жолдарды жоғары сапалы және тез арада құруға болады. Оны заманауи технологиялар жасауға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын РУ-6 ЖШС геотехнологиялық кең орындарын қосу үшін 1987 жылы салынған № 13 технологиялық автожолды қарастырайық. Бастапқыда автожол тас қиыршықтарымен қапталған V техникалық санатқа ие болды.
Уран өндірудің өсуіне байланысты геотехнологиялық кең орындарының негізгі бөлігі №13 технологиялық автожол бойында орналасқан, содан кейін автолжол санатын жаңарту мәселесі көкейкесті болды.
Жолдың жұмыс жағдайын тиісті деңгейде ұстап тұру үшін жыл сайын осы учаскеде материалдар сатып алуға және күн сайын жол-құрылыс техникасын қолдануға тура келді.
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС басшылығы шығыстардың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есептей отырып, автожолды IV техникалық санатқа жаңарту туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, осылайша 2017 жылы «Сауда - көлік компаниясы» ЖШС бюджетінде қайта құру үшін қажетті сома қарастырылды. 2018 жылы автожол қайта жаңартылды. Қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін автожолды күтіп-ұстау үшін жол техникасын тұрақты түрде қолдану қажеттілігі жойылды. Енді автожол жөнделіп, асфальтбетон төселген. Уранды өндіру жұмыстарына қызмет көрсететін автотракторлық техникадан басқа жергілікті халық автожолды пайдаланады.
Жалпы алғанда автожолды қайта жаңарту тек «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде ғана емес, жалпы аудан бойынша да үлкен маңызға ие, айта кету керек, «СКК» ЖШС Шиелі ауданының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ауданның инфрақұрылымын дамытуға үнемі елеулі үлес қосып келеді.
Материалды дайындады:
«СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының ӨТБ бастығы Ж.А.Кенжебаев.
«СКК» ЖШС ОА ПББ менеджері К.В.Черкашина
«СКК» ЖШС СД КЖББ бас менеджері Ж.Т. Искакова.