ATOM.IQ: Балалардың интеллектуалдық дамуына бағытталған қадам

Арнайы іріктеуден өткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлерінің ең дарынды 8 баласы ауқымды мақсатты көздеген ATOM.IQ білім беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Іріктеуде озық шыққан «ОАТБ» филиалының бұл үздік өрендері Щучинск қаласындағы беделді IQanat High School of Burabay мектебінде ерекше жазғы интеллектуалдық демалысын өткізді.

Бұл жай ғана лагерь емес, атом саласының болашақ көшбасшыларын шыңдайтын бірегей жоба болды. Отандық ядролық өндірістің ертеңгі тізгінін ұстар жас дарындар өз білімдерін кеңейтіп, зияткерлік және шығармашылық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. Ең бастысы, олар заманауи оқыту бағыттарын меңгеріп, жеке тұлға ретінде дамудың құнды тәжірибесін жинақтады.

Арнайы іріктеуден өткен қатысушылар үшін бұл бағдарлама өз әлеуетін толық ашуға, құрдастарымен тәжірибе алмасуға және атом саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға деген қызығушылығын нығайтуға үлкен септігін тигізді.