Қарттар күні мен Атом өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Шиелі–Сұңқар» және «ОАТБ» филиалдар ардагерлері қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұл ерекше күні кәсіпорын мен атом өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ филиалдардың ардагерлеріне көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.

Кәсіби шеберлігі, жұмысқа жауапкершілікпен қарауы және атом өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін филиалдардың үздік қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, жұмыста табыс және амандық тілейміз!