Астанада Атом саласы қызметкерлерінің күніне арналған дәстүрлі «Жыл қызметкері – 2026» марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары кәсіби шеберлігі мен еңбек жетістіктері үшін әріптесіміз, «Шиелі-Сұңқар» филиалы Автошаруашылығының жол-құрылыс машиналары мен жүк көтергіш механизмдер учаскесінің кран машинисі Шопашев Нұрлан Сақтағанұлы «KAP Logistics» ЖШС-нің үздік жүргізушісі» номинациясында жеңімпаз атанды.

Нұрлан Сақтағанұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа еңбек жетістіктерін, зор денсаулық, бақ-береке және барлық мақсаттарының орындалуын тілейміз!