Жаңатас қаласындағы ТЖУ учаскесінде локомотив үшін ДЕПО құрылысын аяқтау

Еңбектің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту  «СКК» ЖШС –де ең маңызды және мағыналы міндеттердің бірі болып табылады. Осылайша, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында, сондай-ақ олардың тиімділігі мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің бөгде ұйымдарына қызмет көрсету сапасын арттыру үшін»,  «СКК» ЖШС  2018 жылы  күн сайынғы жедел жұмыс процестерін орындау үшін барлық қажетті шарттарға ие Жаңатас қаласында Жаңатас станциясында локомотивтер үшін ДЕПО құрылысының жобасын табысты іске асырды.

Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы Жаңатас станциясында локомотив депосының құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылдың 30 маусымында аяқталды. ДЕПО ғимараты маневрлік жолы бар тепловоздарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге  бір қабатты өндірістік үй-жайға және екі қабатты өндірістік-тұрмыстық корпусқа бөлінген тікбұрышты пішінді болады.

Өндірістік-тұрмыстық корпуста бірінші қабатта құм, ЖЖМ, құрал-саймандарды сақтауға арналған қоймалар, сондай-ақ слесарлық шеберхана мен санитарлық тораптар орналасқан. Онда техникалық қызмет көрсету бөлімшесінде - ұзындығы 46 метр қарау  жырасы бар.Екінші қабатта жол монтерлеріне арналған үй-жайлар, техникалық сабақтар өткізуге арналған сынып бөлмесі, тамақ ішетін  бөлме,  душы бар гардероб бөлмелері, санитарлық тораптар, таза және лас киім-кешекке арналған бөлме бар.

966 шаршы метрді құрайтын жаңа екі қабатты ғимаратта қызметкерлер үшін ыңғайлы кабинеттер мен слесарлық цех бар. Әкімшілік ғимараттың жанында  4 машинаға жылы бокс, қазандық пен сорғы  бар. Ғимарат кең және жарық кабинеттермен, ыңғайлы шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлармен, душқа түсетін орынмен, шешінетін бөлмемен, тамақ ішуге арналған бөлмемен, заманауи кондиционерлеу, жылыту және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. Бүгінгі таңда Жаңатас станциясында 5 тепловоз бар.

Жаңа Депоның ашылуы «СКК» ЖШС  жүргізетін өндірісті жаңғырту бойынша үлкен жұмыстың бір бөлігі болды. «ЦАПБ»  ұжымы компания басшылығына филиал қызметкерлерінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсартуға ұсынған үшін үлкен алғысын білдіреді.

Мақала авторы:

«СКК»  ЖШС «ОАТБ» филиалының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы

Алпысбаева Ақмарал Нартайқызы