Бүгін біз маңызды күнді — «KAP Logistics» ЖШС-нің туған күнін атап өтудеміз. Компания осы уақытқа дейін үлкен жолдан өтіп, әлемдегі ең ірі уран өндіруші - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның негізгі логистикалық операторы деңгейіне жетті.
Біздің миссиямыз — логистикалық шешімдердің сенімділігі мен тиімділігі
Компания құрылған күннен бастап көрсетілетін қызметтердің ауқымын дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Бүгінде «KAP Logistics» Ұлттық атом компаниясы жүйесіндегі барлық еншілес ұйымдарға кешенді логистикалық қолдау көрсетеді. Ұсынылатын қызметтер тізіміне мыналар кіреді:
· тасымалдау-экспедициялық қызмет көрсету,
· материалдық-техникалық қамтамасыз ету,
· жүктерді қоймалау және сақтау,
· жерүсті көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және жөндеу.
Бүгінгі таңда компанияда 1 400-ден астам жоғары білікті маман еңбек етуде. «KAP Logistics» иелігінде — автобустарды, 5 тепловозды және 150 вагон-цистернаны қоса алғанда, 800 бірліктен астам автокөлік және тіркеме техникасы бар.
Жыл сайын компания:
· еншілес ұйымдарды 1 900 мың тоннадан астам химиялық реагентпен қамтамасыз етеді,
· 200 000 мың т/км жүк тасымалдайды,
· 130 000 мың т/км көлік инфрақұрылымын жөндеуді және күтіп ұстауды жүзеге асырады.
Даму мен инновация — біздің тұрақты бағытымыз
Компания тұрақты даму бағытын берік ұстанып, заманауи басқару мен цифрландыру құралдарын енгізіп келеді. Негізгі бастамалар мен жетістіктер қатарында:
ü Басқару жүйесінің жетілу деңгейін көрсететін SRS индексін енгізу,
ü Тұрақты даму қағидаттарына бейілділікті білдіретін ESG бағдарламасын жүзеге асыру,
ü Халықаралық және ұлттық стандарттарға (ISO, ҚР СТ, МЕМСТ, ХҚЕС және т.б.) сай біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу,
ü SK.KZ интеграцияланған электрондық сатып алу жүйесін қолдану,
ü «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйелерімен біріктірілген SAP ERP жүйесі арқылы процестерді автоматтандыру,
ü GPS-Omnicomm, Near-miss, remote monitoring сияқты жүйелер арқылы өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру,
ü Қазіргі заманғы Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу.
«KAP Logistics» заман талабына сай икемділік танытып, сала қажеттіліктерінің өзгерістеріне жауап бере алатын сенімді серіктес болып қала береді. Туған күнімізде біз жеткен жетістіктерімізге мақтанышпен қарап, жарқын болашаққа сеніммен қадам басамыз. Алда — жаңа жобалар, жаңа белестер және, ең бастысы, сапаға, қауіпсіздікке және инновацияға деген тұрақты адалдық