Сауда – көлік компаниясында кәсіби біліктілік сайысы

Көлік біздің өңірдің әлеуметтік - экономикалық құрылымында маңызды орын алады. Көлік қызметкерлерінің арқасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, бизнес, әлеуметтік сала және ел экономикасының басқа да өмірлік маңызды салалары объектілерінің тұрақты жұмысы мен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Көлік қызметінің еңбеккерлері ел экономикасының басты міндеттерін шешуге қосқан үлесі үшін зор құрметке лайық.

Ұйымшыл ұжымда, «СКК» ЖШС басшылығы бірінші кезекте қызметкерлердің кәсіби сапасы мен дағдыларын арттыруға тырысады, міндетті түрде еңбек өнімділігін жақсарту және өндірістік тәртіпті нығайтуда  корпоративтік іс-шаралар орын алуда.

Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні - салтанатты іс-шараның ресми атауы. Бұл күні дәстүрлі түрде «СКК»  ЖШС «ОАТБ» филиалында кәсіби шеберлік байқауы өткізіледі, оның мақсаты – қызметкерлердің біліктілігін арттыру, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жол қозғалысы ережелерін және жол-көлік тәртібін білу деңгейін арттыру, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігінде апаттылықты азайту.

Бұл күні «СКК»  ЖШС «ОАТБ» филиалында барлық қызметкерлерді, сондай-ақ көлік құралдарына сервистік қызмет көрсетумен және оларды өндірумен айналысатын қызметкерлерді: шиномонтажшылар, автослесарьлар, механиктер, автомобиль инженерлері, көлік кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен, құттықтайды.

Жыл сайын «Қыземшек» Автошаруашылығында қызметкерлер арасында кәсіби шеберлік байқауы өткізіледі. Биылғы жылы «Қыземшек» Автошаруашылығында байқау 27 қазан 2018 жылы өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды: жол қозғалысы ережелерін, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережелерін білуін тексеру және автомобиль жүргізу шеберлігіне. Оған жүргізушілерден басқа жөндеу қызметінің қызметкерлері, диспетчерлер және ТББ механиктері қатысады. Автошаруашылықтың қызметкерлері «Үздік жүргізуші», «АКҚ» жөндеу бойынша үздік слесарь», «Үздік диспетчер», «Үздік механик» номинацияларына иелену үшін күресті. Жалпы командалық есепте «Арнайы парк» жүргізушілер командасы көш бастады.

 «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының директоры Т.Ж. Нұрғисаев «Қыземшек» Автошаруашылығының еңбек ұжымын салтанатты түрде құттықтап, үздік қызметкерлерге байқау қорытындысы бойынша құрмет мадақтамалары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Жүргізушілер байқауының жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.

Осылайша, «Қыземшек» Автошаруашылығында "Автомобиль көлігі қызметкерлері күніне" арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Автошаруашылықтың қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, өз қызмет саласында шығармашылық белсенділікті дамытып қана қоймай, сонымен қатар мадақтамалармен марапатталды, сондай-ақ ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«ОАТБ» филиалы ұжымының атынан көлік саласының барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ күн сайын жолға шығатын мыңдаған жүргізушілерге зор денсаулық, бақыт, амандық, сәттілік және қауіпсіз жол тілейміз.

Мақала авторы:

«СКК»  ЖШС «ОАТБ» филиалының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы

Алпысбаева Ақмарал Нартайқызы