«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сана» бағдарламасы - жас ұрпақтың кәсіби дамуына жол ашатын ауқымды әлеуметтік жоба. Бағдарламаның басты мақсаты - жастарға дұрыс мамандық таңдауға көмектесіп, олардың табысты мансап құруына нақты бағыт-бағдар беру.
Жоба аясында «Шиелі-Сұңқар» және «ОАТБ» филиалдары оқушылармен мазмұнды кездесулер сериясын өткізді. Еркін диалог форматында өткен шарада филиал мамандары өздерінің еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, компанияның жас қызметкерлерге көрсететін қолдау мүмкіндіктерін таныстырды. Кездесу спикерлері мектеп бітіруші түлектерді болашақ мамандықты саналы түрде таңдап, ел дамуына үлес қосуға шақырды.
