Көпірдің пайдасы туралы

Ежелгі заманнан бастап қала құрылысы мен өркениетті дамыту жолында адам алдында түрлі кедергілер кездеседі, ол жартастар, жыралар, өзендер, теңіздер, шатқалдар болсын, кедергілерді   жеңуге  тура келді, және бұл үшін адам ең үлкен құрылыстардың бірі — көпір ойлап тапты.

Көпірлердің пайда болуының арқасында қиын шатқалдардан өтуге мүмкіндік болды. Жер бетінде көптеген көпірлердің түрлері бар және олар әртүрлі.Бүкіл әлемнің сәулетшілері ғасырлар бойы көпірлер өз қызметін толыққанды орындап, қозғалатын адамдардың қауіпсіздігіне жауап беруі үшін еңбек етеді. Осындай тұрғызылған құрылыс ғимараттарының бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші кентіне жақын орналасқан К-3 каналы арқылы өтетін көпір болып табылады.

Бұрынғы  көпір 2 көзілдірікті тікбұрышты темірбетон блоктардан салынған. Ауыл шаруашылығы алқаптарының өсуі, атап айтқанда күріш алқаптарының кеңеюі нәтижесінде жер асты суларының деңгейі айтарлықтай артты және қазіргі көпір судың еркін өтуін қамтамасыз ете алмады. Осы мәселені  шешудің бірі канал арнасының бойымен, соның ішінде көпір арқылы суды еркін өткізуді қамтамасыз ету болды. Бұл мәселені шешу үшін Шиелі ауданының әкімдігі «СКК» ЖШС -не арна арқылы көпір салуды өтінді. «СКК» ЖШС  қоғамның әлеуметтік және гуманитарлық салаларын қолдау, сондай-ақ өңірдің индустриялық дамуын осы мәселені  шешу үшін үн қатып, көпірдің өткізу қабілетін кеңейтуді шешті.

Осы мақсатта қазіргі көпірді қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және 2017 жылы көпір қайта жаңартылды.

Көпірдің бетін қосымша монолитті арматураланған плитамен күшейту бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ қолданыстағы темір-бетон сақиналарына сол сериялы сақиналары қосымша орнатылды, осылайша, өткізу мүмкіндігін 2 есеге арттырады.

Сонымен қатар, ауданда инфроқұрылымды дамыту ғана емес, аймақтағы әлеуметтік және экологиялық мәселелер де шешілді.

 

 

Дайындаған

«СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының  ӨТБ  бастығы»

Ж.А.Кенжебаев