Қазатомөнеркәсіп өкілі WNA симпозиумында сөз сөйлейді

Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев 2022 жылғы 7-9 қыркүйекте Ұлыбританияның Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік ядролық симпозиумға спикер ретінде қатысады.

Батырбаев мырза 8 қыркүйекке жоспарланған «Отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету» панельдік сессиясына қатысушылардың бірі болады.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастығы өткізетін Симпозиум атом саласының жыл сайынғы басты іс-шараларының бірі және 2019 жылдан бергі осындай алғашқы күндізгі іс-шара болып табылады.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастық – бүкіл әлемде ядролық энергияны тұрақты және сенімді энергия көзі ретінде бейбіт пайдалануға ықпал етуге ұмтылатын атом саласындағы ең танымал ұйымдардың бірі.