"KAP Logistics" ЖШС-нің қызметкерлері «Nomad Time Kazatomprom 2026» сайысына қатысты

«Nomad Time Kazatomprom 2026» корпоративтік іс-шарасы аясында «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлері 28–29 сәуір аралығында ұлттық спорт түрлері мен интеллектуалдық сайыстарға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

«Nomad Time Kazatomprom» - ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және командалық рухты арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара. Аталған бастама қызметкерлер арасындағы өзара байланысты күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық мәдени мұраны қолдауға ықпал етеді.

Іс-шара бағдарламасына садақ ату, асық ату, бес асық, арқан тарту, қошқар көтеру және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысы енгізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
— Оралбекова Әйгерім «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысында I орын иеленіп, «Ең тапқыр» номинациясымен марапатталды;
— Қарамырзаев Алибек «Ең жылдам» номинациясының иегері атанды;
— Туребекова Алия әйелдер арасындағы садақ ату сайысынан II орын алды;
— Тубекбаева Эльмира бес асық сайысынан III орын иеленді.

Іс-шараға қатысу қызметкерлер арасындағы ұйымшылдықты арттыруға, корпоративтік бірлікті нығайтуға және ұлттық спорт пен мәдениетке деген қызығушылықты дамытуға оң әсерін тигізді.