Атом өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «KAP Logistics» ЖШС атом өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттар атом саласындағы сенімді логистиканы және үдерістердің үздіксіздігін қамтамасыз ететін мамандардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен үйлесімді еңбегінің мойындалуы болды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
