"KAP Logistics" 20 жылдық мерейтойына орай марафон өткізді

2026 жылдың 10 сәуір күні «KAP Logistics» ЖШС 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

20 жыл ішінде «KAP Logistics» ЖШС логистика саласында тұрақты дамып, өзін сенімді әрі жауапты серіктес ретінде таныта білді. Компания осы уақыт аралығында кәсібилік, тиімді жұмыс және корпоративтік құндылықтарға адалдық қағидаттарын ұстана отырып, өз қызметін табысты жүзеге асырып келеді.

Мерейтойлық іс-шара барысында компанияның көпжылдық жетістіктері қорытындыланып, ұжымның ортақ еңбегі мен компанияның дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, кәсіби біліктілігі мен адал еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер мемлекеттік белгілермен, алғыс хаттармен және корпоративтік марапаттармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік атмосферада өтіп, ұжым бірлігі мен корпоративтік рухтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Компания басшылығы қызметкерлерге атқарған еңбегі мен компанияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі.