Біздің балалар – біздің болашағымыз!

 

Барлығымыз және әрқайсымыз үшін балалар  бұл әр ата-ананың жүзеге асырылмаған тілегі мен үмітін іске асыру, онда әрбір ата-ана өз баласына ең жақсысын беруге тырысады. Сондай-ақ «СКК» ЖШС-де біз жұмыскерлердің  балаларына ең жақсысын беруге тырысамыз.Жұмыс беруші мен жұмыскер  арасындағы ұжымдық шарт шеңберінде, сондай-ақ «СКК» ЖШС корпоративтік мәдениетін жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың жазғы мезгілінде  «ОАТБ» филиалында біздің қызметкерлердің балаларына «Машат»  сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар ұйымдастырылды.

2018 жылдың жазғы мезгілінде «Машат»  балалар  сауықтыру  лагерінде  121 адам демалды.«Машат» лагерінің барлық тәрбие жұмысы жазғы демалыс кезінде балалардың денсаулығын нығайту және бос уақытын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасауға, жеке тұлғаның шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін, жеке қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.Балалардың күнделікті демалуы үшін ойын бөлмелері, барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, гигиеналық шараларды  өткізуге арналған орындар, кітапхана, асхана спорт залы және  ашық аспан астындағы спорт алаңы, ұсынылды. Лагерьдегі балаларға  күндізгі кезеңдегі бағдарламасы, балалардың белсенді демалуына ықпал ететін, ең бастысы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратын әртүрлі спорттық-танымдық дамытушылық іс-шаралар мен ойындардан тұрады. Балалар концерттер өткізуге белсенді қатысады, бұл өз кезегінде олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Әр бала үшін «Машат»   лагері ерекше орын  алды: біреуі жаңа достар тапты, біреуі жаңа шығармашылық қабілеттерін  ашты, біреуі еңбек ету қызықты екенін білді, ал  кейбіреуі жеңіліс  кезінде қапаланбауға  үйренді.

Олар туралы естелік ұзақ жылдар бойы балалардың есінде қалады.

Сондай-ақ «Туған елге саяхат»  атты  туристік  сапары туралы айтып бергім келеді.«Туған елге саяхат» жобасы 2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «ҚТЖ «ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда»Жоба балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыруға, еліміздің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерделеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Ағымдағы жылы балалар Астана-Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл-Астана бағыты бойынша Қазақстанның тарихи  және көрікті жерлерін аралады. «СКК» ЖШС  «ОАТБ» филиалынан "Туған елге саяхат" жобасына 2004 жылы туылан Досман Еркебұлан Дарханұлы қатысты. Бала көп балалы отбасынан шыққан. Оқу жылын үздік бағамен бітірді. Мектеп олимпиадаларына және спорттық шараларға қатысты. Үздік ғылыми  жобасы бойынша  дипломмен марапатталды,сондай-ақ волейболдан үздік ойыншы ретінде ІІІ орын алды. Сапарға шығу 2018 жылдың  1мен  9 тамыз аралығында өтті.

          Жаңа оқу жылы қарсаңында филиалда дәстүрлі түрде «АӨҚК» ҚБ қолдауымен балаларға мектеп сөмкелері беріледі. «СКК» ЖШС  «ОАТБ» филиалының директоры Талғат Жупбайұлы Нұрғисаев мектепке  қажетті барлық керек-жарақтарымен сөмкелерді балаларға табыс етті. Биылғы жылы «ОАТБ» филиалы  қызметкерлерінің 110 баласы мектеп сөмкесімен қамтамасыз етілді.

 «Машат» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген күндер балалардың есінде ұзақ сақталады және ұмытылмас әсерлерге, пайдалы істерге және жағымды естеліктерге толы болып қалады деп үміттенеміз. Жазғы мезгілде біздің балалар жаңа идеялармен қуаттанды, жағымды эмоциялар алды, ой-өрісін кеңейтті және бір-бірін қолдауды үйренді.

Соңында өз балаларыныздың әлемін мейірімді және әсем етуге ұмтылуды, өз отбасыларынызды жарқын мерекелермен және балалардың нұрлы күлкісіне толтыруыңызды тілегіміз келеді! Сонымен қатар, «СКК» ЖШС-нің  Басшылығына балаларымыздың дүниесін жарқын және қуаныштырақ етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқымыз келеді.

  

Мақала авторы:

«СКК» ЖШС  «ОАТБ»  филиалдың әлеуметтік мәселелер жөніндегі маман Алпысбаева Ақмарал Нартайқызы