Үнемді өндіріс – бұл барлық шығындардың түрлерін жақсартуға және жоюға тұрақты ұмтылысқа негізделген кәсіпорынды басқару жүйесі. Қысқаша айқанда, бұл тек құралдар мен әдістердің жиынтығы ғана емес, бұл өндіріс мәдениеті. Lean production тұжырымдамасын енгізу барысында, кәсіпорынның барлық қызметкерлері осы теорияның негіздерімен танысып, қабылдап және осыған сәйкес өз қызметін құруға дайын екенін білдіреді. «Үнемді өндіріс» әдістемесі қалыптасқан жағдайды түпкілікті өзгертіп, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның әрбір кәсіпорнында сапалы оң өзгерістер енгізе алады.
«Үнемді өндіріс» пәлсапасы «СКК» ЖШС-де белсенді түрде енгізілуде. Үнемді өндірісінің қағидаларын енгізу» КАР-25 жобасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарын оқыту өткізілді және жұмыс алаңы ретінде «СКК» ЖШС-нің «ОАТБ» филиалы таңдалған.
2018 жылдың 18 қазанында «ЖТИ» ЖШС-нің «ҚЯУ» филиалы, «ОАТБ» филиалында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ өкілдерінің қатысуымен «Үнемді өндіріс. Озық деңгей» тақырыбы бойынша, «Уранқуат» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Ақбастау» БК» АҚ, «Байкен-U» ЖШС, «Хорасан – U» ЖШС, «ЖТИ-Зерде» филиалы, «KAP Technology» ЖШС 40 адамға оқыту жүргізді.
Оқыту теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрды, теориялық бөлімі филиалдың конференц-залында өтсе, ал тәжірибелік бөлімі өндірістік алаңда өтті. Бағдарламаның тәжірибелік бөлімінде, «Таукент» автошаруашылығының автокөліктерді, ЖҚМ және тракторларды жөндеу бойынша, тапсырмалар бөлінген сәттен бастап жұмыс аяқталғанға дейін, АКҚ-ның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу бойынша төрт өндірістік процесс қаралды.Өткен оқыту теориялық және тәжірибелік бөлімдерден құрылған, оқыту теориялық филиалдың конференц-залында, ал тәжірибелік бөлім өндірістік алаңда өтті.Оқыту қатысушылары төрт топқа бөлініп, өндірістік процестерді қадағалады, жылдам және сапалы ауысымдық тапсырмаларды орындау үшін жұмыс орындарын құрал-саймандармен және құралдармен жабдықтауды, босқа жоғалту уақытын белгіледі.Оқытудың соңғы бөлімінде барлық төрт топ басқа қатысушыларға жұмыс процесінде анықталған шығындарды, жұмыс орындарын жабдықтау мен жұмысшылардың жабдықтауларындағы сәйкессіздіктерді егжей - тегжейлі айтып берді және оларды шешу жолдарын ұсынды, сонымен қатар «СКК» ЖШС басшылығына Үнемді өндіріс қағидаттарын жұмыс алаңында егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндікті бергені үшін алғысын білдірді.
Семинардың соңында, жұмыс топтары үшін оқыту өткізген жаттықтырушы Кабдуллин Асыл алғысын білдіріп: «Мен «СКК» ЖШС дайындығына таң қалдым. Өндірістік мәдениетті жоғары деңгейде көрдім. Сондай-ақ, филиал аумағындағы болған жерлерден басқа, менің келуімді күтпеген жерлерді, қарап шықтым.Мен өндірістік мәдениеттің бірыңғай деңгейін, қызметкерлердің ұмтылысын және жоғары нәтижелерді көрдім. Бұл боямашылық көрініс емес, адамдар осылай жұмыс істейді! Мен - шынымен үлкен әсерде қалдым! Қазіргі уақытта,Үнемді өндірістің жоғары деңгейінің есебінен, берік іргетас қаланды», - деп айтып өтті. Ол «СКК» ЖШС-не жеткен жетістіктерімен тоқтамауға, дамуға және үнемі жетілдірілуіне сәттілік тіледі.
Материал дайындалды:
«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының әлеуметтік мәселелер бойынша маманы
Алпысбаева Акмарал Нартайқызымен
Персоналды басқару жөніндегі бөлімнің менеджері
Черкашина Ксениямен
Үнемді өндіріс бойынша координатор,
Өндіріс бөлімінің Өндірістік-техникалық басқармасының маманы
Абдраимова Акнур Абилкаиркызымен