KAP Logistics-тің экологиялық бастамасы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру мақсатында «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлері ағаш отырғызу жұмыстарына белсене қатысты.

Іс-шара қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және ұжымдық бірлік рухында өтті. Компания ұжымы жас ағаштар мен бұталарды отырғызып, таза әрі жасыл орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.

«KAP Logistics» ЖШС басшылығы мұндай экологиялық іс-шараларға қатысу ұжымның ауызбіршілігін нығайтып, әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық құндылықтарды арттыратынын атап өтті.

Компания табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жобаларды алдағы уақытта да қолдауды жоспарлап отыр.