АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

29 қазан – автомобиль көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

«KAP Logistics» ұжымы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Әрбір сапардың, әрбір бағыттың және орындалған міндеттің артында жүргізушілердің, механиктердің, мамандардың және көлік саласының үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін барлық қызметкерлердің күнделікті еңбегі жатыр.

Кәсібилік, жауапкершілік, тәртіп пен өз ісіне деген адалдық – ортақ жұмысымыздың негізі және компания қызметінің сенімділігінің кепілі.

Осы мерекеге орай автомобиль көлігі саласының барлық қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жолдарыңызға сәттілік, қауіпсіз сапарлар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!