«Мектепке жол»: KAP Logistics ЖШС жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсетті

Жаңа оқу жылы қарсаңында KAP Logistics ЖШС компаниясында отбасыларды қолдауға және балалардың оқу жылын толыққанды бастауына қажетті жағдай жасауға бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында балаларға мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және оқу процесіне қажетті басқа да керек-жарақтар табысталды. Сонымен қатар акцияға қатысушыларға қосымша сыйлықтар әзірленіп, балаларға жағымды көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуға мүмкіндік берілді.

Осындай бастамаларды жүзеге асыру компанияның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. KAP Logistics ЖШС өз қызметі аясында өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға үлес қосуға ұмтылады. Әсіресе өскелең ұрпақты қолдауға ерекше мән беріледі, өйткені қажетті білім беру құралдарына қолжетімділік баланың мектеп өміріне толыққанды қатысуының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

«Мектепке жол» акциясы игі іске жұмылып, балаларға жаңа оқу жылын сеніммен бастауға қолдау көрсетуге бағытталған кезекті әлеуметтік бастама болды.

KAP Logistics ЖШС отбасылардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауды жалғастырады.