Бес күнге созылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның мерейтойлық XXV
Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жарыс барысында KAP Logistics командасы
ұйымшылдықтың, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың жарқын
үлгісін көрсетті — әрбір спортшы Компания намысын абыроймен қорғап,
әріптестердің қолдауы командаға үлкен күш пен жігер сыйлады.
Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша KAP Logistics 6-орынға ие болды.
Спорт түрлері бойынша нәтижелер
• Мини-футбол — 1 орын
• Ерлер волейболы — 4 орын
• Әйелдер волейболы — 3 орын
• Баскетбол — 3 орын
• Бадминтон — 8 орын
• Жеңіл атлетика — 10 орын
• Шахмат — 10 орын
• Киберспорт — 10 орын
• Үстел теннисі — 12 орын
• Армрестлинг — 13 орын
Жеке марапаттар
• Белова Надежда — әйелдер арасындағы шахматтан 3 орын
• Байсеркеев Асхат — мини-футболдан «Үздік шабуылшы»
• Головин Сергей — баскетболдан «Үздік орталық ойыншы»
• Абдрасулова Газиза — волейболдан «Үздік байланыстырушы»
Спартакиада барысында командаға жанкүйер болған барлық
әріптестерге және әрбір спортшыға шын жүректен алғыс айтамыз: сіздердің
еңбектеріңіз бен жеңіске деген жігерлеріңіз — ортақ жетістіктің негізі. Алда жаңа
жарыстар, жаңа мақсаттар және жаңа жеңістер күтіп тұр.
