«KAP Logistics» ЖШС филиалдарында Конституция нормаларын түсіндіруге арналған іс-шаралар өтуде

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «KAP Logistics» ЖШС-де қызметкерлердің конституциялық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесулер топтамасы ұйымдастырылды.

Осы бастама аясында «ОАТБ» және «Шиелі-Сұңқар» филиалдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-танымдық іс-шаралар өтуде. Спикерлер ұжымды конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерімен, сондай-ақ Негізгі Заңның басты бөлімдерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Кездесулердің практикалық бөлігі ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін мазалаған өзекті сұрақтарын қойып, спикерлерден толық әрі кәсіби жауаптар алуда.