2025 жылдың 3 мамырында Астанадағы Ботаникалық бақта «Самұрық-Қазына» қорының жыл сайынғы қайырымдылық жарысы - Charity Samruk Marathon өтті. Бұл спорт пен қайырымдылықты біріктіретін дәстүрлі іс-шара.
Биыл марафонға шамамен 3 000 адам қатысты - өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп адам қатысқан болатын. Қатысушылар 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықтарды жүгіріп өтті, сондай-ақ скандинавтық жүріске қатысты. Қонақтар үшін Sport Fest, Health Fest, Food Fest және Kids&Family секілді ойын-сауық аймақтары жұмыс істеді.
«KAP Logistics» командасы марафонға қатыса отырып, денсаулықты сақтау мен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қолдады. Жиналған қаражат Астана мектептеріндегі ерекше білім берілуіне мұқтаж балаларға арналған инклюзия кабинеттерін ашуға жұмсалады.
