«Сауда-көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Оңтүстік» филиалы 2015 жылдың 4 наурызында «СКК» ЖШС жалпы жиыны негізінде құрылған . Орналасқан жері: Түркістан облысы, Шымкент қаласы.
Филиалдың басты міндетіне:
- Түркістан және Қызылорда облыстарында Серіктестіктің қызметтерін жүзеге асырады;
- Шымкент қаласында орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымдарына автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсыну;
- Автожолдарды жөндеу-құрылыс жұмыстар тендерлеріне қатысуын ұйымдастыру;
- Бөгде ұйымдардан қосалқы мердігерлік жұмыстармен қызмет көрсету бойынша және автожолдар шұңқырларын жөндеуге қатысу.
Қазіргі уақытта «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Оңтүстік» филиалы компанияның табысты даму игілігі үшін жұмыс істейді.