Интеграцияланған менеджмент жүйесі

"KAP Logistics" ЖШС-нің интеграцияланған менеджмент жүйесі саласында ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 Стандарттарына сәйкес

САЯСАТЫ

"KAP Logistics" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде мүдделі тараптар алдындағы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау, Серіктестік қызметіне қатысы бар басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздікті жан-жақты қолдау, өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында табиғи ортаны сақтау, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау сияқты жауапкершілікті толықтай сезінеді. Серіктестіктің стратегиялық бағыты - адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және бұл -  Серіктестік қызметінің жоғары басымдығы болып табылады.

Серіктестіктің экологиялық менеджмент, сапа менеджменті,  денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті саласындағы мақсаттары:

1. Тапсырыс берушілердің көрсетілетін қызметтердің сапасына барынша қанағаттануы;

2. Шарттық міндеттемелерді орындау кезінде сервис сапасының тұрақты өсуі;

3. Адам денсаулығының, экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын өндірістік қызмет нәтижесіне қатысты бизнес-процестерге біріктіруді қамтамасыз ету;

4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;

5. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда Серіктестіктің барлық деңгейлі басшыларының көшбасшылығы мен міндеттемесі;

6. Қызметкерлердің денсаулығына ұқыпты қарауды, қызметкерлердің еңбек жағдайларын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету;

7. Өндірістік қауіпсіздік жүйесін барлық қолжетімді техникалық және әкімшілік тәсілдермен жақсартуды қамтамасыз ету;

8. Өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету нәтижелері және мүдделі тұлғалардың хабардарлығы туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету;

9. Көлік парктері мен технологиялық жабдықтарды жоспарлы жаңартуды қамтамасыз ету;

10. Өндірістік апаттардың алдын алу және ықтимал салдарларды азайту;

11. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін алдыңғы қатарлы халықаралық салалық тәжірибелерді қолдану.

Серіктестік басшылығы барлық қызметкерлерге үндеу жолдайды:

- Саясатты мүлтіксіз ұстануға, өзіне және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға;

- жұмыс орнындағы өндірістік қауіпсіздікті жақсартуға нақты үлес қосу;

- жарақаттанудың кез келген жағдайлары, оның ішінде ықтимал қауіпті жағдайлар туралы хабарлау.

Біз құпиялылық пен анонимділікке кепілдік береміз.

Кәсіпорынның интеграцияланған жүйесі мен өндірістік қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге барлық қызметкерлердің қатысуы өте маңызды. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оң нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер, өндірістік бөлімшелер мен учаскелер барлық жерде қолжетімді ынталандыру әдістерімен көтермеленуі тиіс.

Өндірістік қауіпсіздіктегі Серіктестік саясаты Сіздің белсенді қатысуыңызбен және жоғары және төменгі буындардың әрбір қызметкері тарапынан міндеттемелерін көрсеткен жағдайда табысты іске асырылатын болады.

Серіктестік қызметкерлерінің кәсіпорынның жұмыс аудандарындағы қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау - біздің сәтті қызметіміздің кепілі болып табылады.

Сертификат_KAP Logistics_9001_каз

Сертификат_KAP Logistics_14001_каз

Сертификат_KAP Logistics_45001_каз

cert_9001_KZ

cert_14001_KZ

cert_45001_KZ