Әлеуметтік саясат

«KAP Logistics» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолайлы еңбек жағдайларын сақтауға және барлық қызметкерлердің өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тырысады және де ашық ішкі қарым-қатынас құруға ұмтылады.

            «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасындағы басты қағидалары - адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестік, өзара құрмет, бір-біріне деген сенім, кез келген дискриминацияны болдырмау.

            Персоналдың еңбек жағдайы мен өмір сүру сапасын тұрақты түрде жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары «KAP Logistics» ЖШС Ұжымдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.

            «KAP Logistics» ЖШС негізгі бағыты -  жалғызбасты ата-аналарды, көп балалы отбасылардың өкілдерін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қолдау болып табылады. Компания жыл сайын оларға материалдық көмек көрсетеді.

            Қызметкерлер үшін маңызды күндер де Жұмыс берушінің назарынан тыс қалмайды. Жұмыскерлердің мерейтойларына, бала тууына, некеге тұруына және отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болуына байланысты материалдық көмек көрсетіліп отырады.

            Сондай-ақ, жұмыс беруші өз жұмыскерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қоса сауықтыруға да материалдық көмек көрсетеді.

           

Көмек көрсетуге қатысты қосымша ақпарат:

            2016 жылдың қаңтарында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Trust»  Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры - «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы құрылды.

            «Samruk-Kazyna Trust» келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын іске асырады:

  • Әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдарға, қауымдастықтарға көмек беру
  • Медиа, мәдени қоғамдастық пен адам әлеуетін дамыту
  • Еңбек және ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар
  • Аймақтық және бизнес бастамаларды қолдау

            «Samruk-Kazyna Trust»  Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратпен www.sk-trust.kz ресми сайтында танысуға болады.

            Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына жүгінуге болады.

            «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры 2022 жылдың 11 ақпанында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін құрылды.

Қор мынадай бағыттарды іске асырады:

  • Ел ауқымында өзекті болып отырған, функционалдық құрал-жабдықтармен материалдық-техникалық жабдықтауға көмек беру;
  • Азаматтарды бейресми оқытуды кеңейтуге жәрдемдесу;
  • Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қолданыстағы жүйесі, құралдары мен процестерінің тиімділігін арттыруға қатысу; 
  • Қордың басқару органдарының шешімдеріне сәйкес өзге де қайырымдылық көмек;
  • Жекелеген азаматтарға ерекше жағдайларда мақсатты көмек көрсету;
  • Төтенше жағдайлар кезіндегі кешенді көмек.

Қордың қызметі туралы толық ақпаратпен https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/ ресми сайтында танысуға болады.