«KAP Logistics» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты міндеттерінің бірі - биоалуантүрлілікті сақтау және өндірістік қызметті жүзеге асыру орындарында табиғат ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады. Сонымен қатар, Компания уран кен орындары аумағында биоалуантүрлілікті сақтау үшін флора мен фаунаның жағдайын зерттеуге бар күш-жігерін салады.
ESAP Жол картасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдан бастап «KAP Logistics» ЖШС жүк тасымалдау қызметінің тіршілік ету ортасына, өсімдік және қорғалатын жануарлар түрлеріне әсері деңгейін анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.