Білімге құштар болу, білімге ұмтылу - қазіргі жас адамның құндылықтар сатысындағы жоғарғы саты. Білім қазіргі заманғы қоғамда негізгі құндылықтардың бірі, уақыт эталоны - жоғары білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып саналады..
2018 жылдың 5 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. бұл дегеніміз, биылғы жылы жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Қазақстан жастарын жан-жақты қолдауға бағытталған, елімізде бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру басталды
Жастардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың әлеуетін барынша пайдалану мемлекет тарапынан қолдауды одан әрі күшейтуді талап етеді, осыған «Жастар жылы» бағытталған.
Ел Президентінің бастамасымен 2019 жылы жас қазақстандықтар үшін жеке басының өсуі, туған елі мен туған жерінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Гүлденген, қазіргі заманғы, мықты мемлекеттің азаматы болу үшін, әркім Мемлекет басшысының бастамасын іске асыруға ең алдымен өзі үшін қосылуы тиіс.
Қазіргі заманғы экономика терең білімі бар және жаңашылдыққа қабілетті жас мамандарға көбірек мұқтаж, сондықтан ең үздік тарихи тәжірибеге және ең табысты заманауи үлгілерге негізделген жас таланттарды анықтау және дамыту жөніндегі жұмыс - Қазақстан экономикасын оның ішінде «СКК» ЖШС.жаңғыртудың қажетті элементі,
Жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту мақсатында «СКК» ЖШС.талантты жас жұмыскерлерді қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізеді. «СКК» ЖШС жастары, сондай-ақ филиал мамандары «Талантыңмен таныл» байқауы, КВН, спартакиада сияқты түрлі іс-шараларда өздерін көрсетуге және өз дарындарын көрсетуге мүмкіндігім бар.
Біздің «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының дарынды және болашағы бар белсенділерді атап өткім келеді: Ералиев Н.Б. (Іс-шараларды ұйымдастырушы, КВН қатысушысы), Орманова Ұ.А. (теннис бойынша белсенді қатысушы),Түсенов А.Ф.(жеңіл атлетикадан белсенді қатысушы), Көпжасарова А.Е. (шахматтан белсенді қатысушы), Көлшікбай Д.А. (шағын футболдан белсенді қатысушы), Кәдірова С.К. (бадминтон бойынша белсенді қатысушы), Нағашбеков Н.С. (баскетболдан белсенді қатысушы), Абисаитов А.Р. (теннис бойынша спорт шебері), Әбілдаев Н.С. (вокалист, ұлттық әндер шырқайды), Әпентаев Е.Б. (вокалист, ұлттық әндер шырқайды) және басқалар.
Жастар жылын қолдау және жас мамандарды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үдерісіне тарту аясында «СКК» ЖШС «№1 Колледж» МКҚК студенттеріне тәжірибеден өтуге және басқаға да мүмкіндік береді. «Жол – құрылыс механизмдері» (ЖҚМ) мамандығы бойынша оқитын студенттер «Таукент» Автошаруашылығы ЖҚС учаскесінде өндірістік тәжірибеден өтеді, оның барысында жұмыс орындарындағы кәсіби қызмет негіздерімен, лауазымдық міндеттері мен нұсқаулықтарымен танысады, практикалық дағдылар мен біліктерді меңгереді және пысықтайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында ЖҚМ учаскесі бастығының басшылығымен студенттер логистика және көлік саласында үлкен тәжірибе алды.
Жалпы, «СКК» ЖШС жастарға ерекше көңіл бөледі, себебі жастар – еліміздің болашағы. Біз «Жастар жылы» – бұл елдегі жастар саясатының белсенді дамуының басы ғана екеніне сенімдіміз!
Мақала авторы:
«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы
Алпысбаева Ақмарал Нартайқызы