Төремұратов Ербұлан Нұрланұлы

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Функционалдық  міндеттері:

Бизнесті дамыту стратегиясының негізгі басымдықтарына сәйкес және нарық талаптарын ескере отырып, «КАР Logistics» ЖШС-нің (бұдан әрі – Серіктестік) қаржылық тұрақтылығын қолдау, пайданы барынша арттыру және Серіктестіктің стратегиялық көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін экономика және қаржы саласындағы саясаттар мен стратегияларды айқындайды және іске асырады.

Жедел бақылауындағы блоктың жұмысын жақсарту және оңтайландыру жөніндегі жобаларды бақылайды; Байқау кеңесіне/Серіктестік қатысушыларына, мемлекеттік органдарға, инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға Серіктестік қызметінің барлық аспектілері бойынша толық, сенімді, сапалы қаржылық және басқарушылық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Білімі:

  1. Бэйхан университеті, «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы (2014 жыл).
  2. Пекин университеті, «Дипломатия» мамандығы (2016 жыл).
  3. Атырау мұнай және газ университеті, «Мұнай-газ ісі» мамандығы (2020 жыл).

Еңбек жолы:
Е.Н. Төремұратовтың еңбек қызметі 2018 жылы басталып, қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде жалғасуда:

  • 05.2018 – 06.2021 жж. — «Семизбай-U» ЖШС Экономика және жоспарлау бөлімінің жетекші менеджері;
  • 07.2021 – 07.2022 жж. — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің менеджері;
  • 07.2022 – 09.2023 жж. — «АППАҚ» ЖШС Экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы;
  • 09.2023 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін — «KAP Logistics» ЖШС Экономика және қаржы департаментінің директоры.

Үлкен жұмыс тәжірибесі мен терең практикалық білімге ие. «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолының 0-13 шақырымын күрделі жөндеу» және «Шиелі-Сұңқар филиалының базасында кесек күкірт қоймасын салу» инвестициялық жобаларын іске асыру үшін қаржы-экономикалық модельдерді (ҚЭМ) әзірлеуге қатысты. ҚЭМ-де жүргізілген есептеулер негізінде аталған жобалар Инвестициялық комитетпен мақұлданып, «Іске асыру» кезеңіне өткізілді.

«KAP Logistics» ЖШС Байқау кеңесінің 2025 жылғы 07 тамыздағы № 11-25 шешімімен «KAP Logistics» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.