Байқаушы кеңестің мүшесі
Сұлтан Темірбаев 1986 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматы.
Сұлтан Темірбаев «Экономика бакалавры» біліктілігі бойынша Дарем университетін (University of Durham Ұлыбритания), сондай-ақ «Уранды жерасты шаймалау технологиясы» кәсіби қайта даярлау бойынша Томск политехникалық университетін және Global MBA International Management бағдарламасы бойынша Astana School of management and business мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Жаңа Теміржол» ЖШС-нде Бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы болып бастаған.
2009-2020 жылдары «ENRC Logistics» ЖШС, «Қазақстандық жүк компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «Odyssey Investments Group» ЖШС-нде түрлі лауазымдарда, оның ішінде Инвестициялар департаментінің маманы, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Жергілікті қамту департаментінің бас маманы, директор, Жоспарлау және мониторинг департаменті директорының орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың ақпанынан 2023 жылдың тамызына дейін «Инкай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың тамыз айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып табылады.