
Байқаушы кеңестің мүшесі
Жазира Муканова 1991 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Жазира Муканова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылдан 2018 жылға дейін «Темірбанк» АҚ және «Қазагромаркетинг» АҚ-да түрлі лауазымдарды, оның ішінде бөлшек несиелеу басқармасының менеджері, Субсидиялау департаментінің, Қаржы және стратегиялық жоспарлау департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды.
2018-2024 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ-да, оның ішінде Стратегия және экономикалық талдау департаментінің, Қазынашылық және корпоративтік қаржы департаментінің, Инвестициялық жобалар секторының бас менеджері лауазымдарында қызмет атқарды.
Жазира Муканова DipIFR ACCA, CIMA, FMVA сертификаттарына ие.
2024 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық жобалар секторының басшысы болып табылады.