Мамарахимова Минора Абдувалиевна

Байқаушы кеңестің мүшесі

Мамарахимова Минора 1984 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматшасы.

Мамарахимова Минора Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005-2018 жылдары «Жолаушылар тасымалы» ААҚ, «ТЭК-Қазақстан» ЖШС, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС ұйымдарында түрлі қызмет атқарды, оның ішінде Сервисті дамыту бөлімінің инженері, Экономикалық басқарманың бас маманы,  Әкімшілік-кадрлық басқарма менеджері, бас менеджері және басшысы болды.

2018 жылдан бастап 2026 жылдың мамыр айына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да түрлі лауазымдарда, оның ішінде Рекрутинг және кадрлық әкімшілендіру бөлімінің басшысы, HR қолдау бөлімінің басшысы, Адам ресурстарын басқару департаменті HR қолдау бөлімінің бас сарапшысы және HR департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2026 жылғы мамыр айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның HR және әлеуметтік жұмыс департаментінің бас сарапшысы болып табылады.