Бос лауазымның атауы: Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы
2017 жыл 9 қараша
Бос лауазымның атауы: Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы
Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша
Түйіндемелерді қабылдау 2018 жылдың 9 мен 22 қаңтары аралығында жүзеге асырылады.
- «Лауазым туралы ақпарат»:
Лауазымдық міндеттері:
- Серіктестіктің Қызметтің үздіксізлігін басқару жүйесі (ҚҮБЖ), Ішкі басқылау жүйесі (ІБЖ), Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бойынша әдістемелік базасын өңдеу және жетілдіру.
- ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ әсер ететін сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне талдау жасау.
- ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ саласында өзгерістерді енгізу.
- ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ саласында ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту.
- Құрылымдық бөлімдермен ішкі нормативтік құжаттары бойынша келісу.
- Тәуекел тіркелімін құру аясында стратегиялық, қаржылық, операциялық, құқықтық және инвестициялық тәуекелдерді бағалау және сәйкестендіру.
- Тәуекелдердің ықтималдығы мен ықпалы бойынша бағалау шкаласын құру және есептеу.
- ЕТҰ тәукелдер картасы мен тіркелімі аясында негізгі тәуекелдер бойынша толеранттық деңгейін белгілеу.
- Көрсеткіштердің негізгі тәуекелін анықтау.
- Тәуекелдер тіркеліміне/өзектендірілген Тіркелімге және Тәуекелдер картасына өзгерістер енгізу.
- Тәуекелдерді және/немесе тексеру рәсімдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары мен КӨЖ сараптау.
- Елеулі тәуекелдерді және КӨЖ басқару бойынша іс-шаралар жоспарын басшылықпен келісу.
- Тексеру рәсімдердің дизайнын бағалауды жүзеге асыру.
- Тексеру рәсімдердің операциялық тиімділігін бағалауды жүзеге асыру.
- Тексеру рәсімдер және/немесе тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есептемелерге сараптама жүргізу.
- Алдын алу іс-шараларды орындау тиімділігіне бағалау жүргізу.
- Серіктестіктің қызметінде елеулі өзгерістер болған жағдайда, тәуекелдерді бағалауды жиі жүргізу (қоршаған ортада өзгерістерді қоса алғанда).
- Тәуекелдерді басқару, ішкі басқылау жүйесі және қызметтердің үздіксіздігін басқару жүйесі бойынша ішкі құжаттарды Серіктестіктің құрылымдық бөлімдерімен орындалуы.
- Серіктестіктің тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есепті құру.
- ҚҮБЖ бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
- Қызметтердің үздіксіздігі бойынша іс-шаралар жоспарын тестілеу тәртібі.
ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары кәсіптік білім (магистр/маман).
Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.
Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office (Word. Excel) бағдарламаларын білу.
Қосымша талаптар:
- Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласында корпоративті стандарттарды білу;
- Ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару бойынша бизнес-үдерістерді ұйымдастыруды білу;
- Мүмкіндігінше тәуекелдерді басқару саласында функционалдық саясат/ стратегия әзірлеу тәжірибесі.
Жұмыс тәжірибесі мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларында кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл және/немесе, Серіктестікте немесе «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл.
Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы» деп көрсетіп, Babilkasovattk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме жолдау қажет.
Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.