Бос лауазымның атауы: Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы

Бос лауазымның атауы: Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы

2017 жыл 9 қараша

Бос лауазымның атауы: Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы

Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша

Түйіндемелерді қабылдау 2018 жылдың 9 мен 22 қаңтары аралығында жүзеге асырылады.

  • «Лауазым туралы ақпарат»:

Лауазымдық міндеттері:

  1. Серіктестіктің Қызметтің үздіксізлігін басқару жүйесі (ҚҮБЖ), Ішкі басқылау жүйесі (ІБЖ), Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бойынша әдістемелік базасын өңдеу және жетілдіру.
  2. ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ әсер ететін сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне талдау жасау.
  3. ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ саласында өзгерістерді енгізу.
  4. ТБЖ, ІБЖ, ҚҮБЖ саласында ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту.
  5. Құрылымдық бөлімдермен ішкі нормативтік құжаттары бойынша келісу.
  6. Тәуекел тіркелімін құру аясында стратегиялық, қаржылық, операциялық, құқықтық және инвестициялық тәуекелдерді бағалау және сәйкестендіру.
  7. Тәуекелдердің ықтималдығы мен ықпалы бойынша бағалау шкаласын құру және есептеу.
  8. ЕТҰ тәукелдер картасы мен тіркелімі аясында негізгі тәуекелдер бойынша толеранттық деңгейін белгілеу.
  9. Көрсеткіштердің негізгі тәуекелін анықтау.
  10. Тәуекелдер тіркеліміне/өзектендірілген Тіркелімге және Тәуекелдер картасына өзгерістер енгізу.
  11. Тәуекелдерді және/немесе тексеру рәсімдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары мен КӨЖ сараптау.
  12. Елеулі тәуекелдерді және КӨЖ басқару бойынша іс-шаралар жоспарын басшылықпен келісу.
  13. Тексеру рәсімдердің дизайнын бағалауды жүзеге асыру.
  14. Тексеру рәсімдердің операциялық тиімділігін бағалауды жүзеге асыру.
  15. Тексеру рәсімдер және/немесе тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есептемелерге сараптама жүргізу.
  16. Алдын алу іс-шараларды орындау тиімділігіне бағалау жүргізу.
  17. Серіктестіктің қызметінде елеулі өзгерістер болған жағдайда, тәуекелдерді бағалауды жиі жүргізу (қоршаған ортада өзгерістерді қоса алғанда).
  18. Тәуекелдерді басқару, ішкі басқылау жүйесі және қызметтердің үздіксіздігін басқару жүйесі бойынша ішкі құжаттарды Серіктестіктің құрылымдық бөлімдерімен орындалуы.
  19. Серіктестіктің тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есепті құру.
  20. ҚҮБЖ бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  21. Қызметтердің үздіксіздігі бойынша іс-шаралар жоспарын тестілеу тәртібі.

 

ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары кәсіптік білім (магистр/маман).

Тілдерді меңгеруі:  Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office (Word. Excel) бағдарламаларын білу.

Қосымша талаптар:

  • Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласында корпоративті стандарттарды білу;
  • Ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару бойынша бизнес-үдерістерді ұйымдастыруды білу;
  • Мүмкіндігінше тәуекелдерді басқару саласында функционалдық саясат/ стратегия әзірлеу тәжірибесі.

Жұмыс тәжірибесі  мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларында кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл және/немесе, Серіктестікте немесе  «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл.

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.