Тәуекелдерді басқару жүйесі - Қадағалаушы кеңесі, Серіктестіктің Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жұмыскерлері, әрқайсысы өз деңгейлері бойынша Серіктестіктің қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ тәуекелдің қолайлы деңгейі шеңберінде оқиғаларды басқаруға қатысатын бірыңғай процеске біріктірілген өзара байланысты элементтер жиынтығы. Тәуекелдерді басқару жүйесіндегі негізгі құжаттар Тіркелім, тәуекелдер Картасы және тәуекел-тәбеті болып табылады.
Тәуекелдер тіркелімі - Серіктестіктің қызметінде кездесуі мүмкін тәуекелдер тізбесі. Өз кезегінде, тәуекелдер тізіліміндегі Тәуекелдер тізбесі стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық және инвестициялық тәуекелдерге жіктеледі.
Тәуекелдер картасы - Серіктестіктің тәуекелдеріне әсер ету шамасына және іске асыру ықтималдығына байланысты графикалық түрде көрсетіледі.
Тәуекел-тәбет - Серіктестіктің мақсаттарына қол жеткізу процесінде өзі үшін қолайлы деп есептейтін тәуекел дәрежесі.