Қадағалаушы кеңес

Қадағалаушы кеңес «KAP Logistics» ЖШС-нің (бұдан әрі-Серіктестік) атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге асыратын  басқару органы болып табылады.

Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесінің құрамы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерінің қатарынан қалыптастырылған және тәжірибесі, жеке қасиеттері, сондай-ақ гендерлік құрамы жағынан алуан түрлі.

Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесіне Серіктестікті басқару және Серіктестіктің Атқарушы органының қызметін бақылау үшін жеткілікті өкілеттіктер берілген.

Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесінің шешімдері Серіктестіктің Жарғысында, Серіктестікті Корпоративтік басқару кодексінде және Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесі туралы ережеде айқындалған тәртіппен қабылданады.

Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесінің мүшелері өз қызметінде өз өкілеттіктері шегінде әрекет етеді; Серіктестіктің Қадағалаушы кеңесінің отырыстарына қатысу үшін жеткілікті уақыт бөледі; іскерлік этиканың жоғары стандарттарын ұстанады; мүдделер қақтығысына жол бермейді; тиісті парасаттылықпен, шеберлікпен және сақтықпен әрекет етеді